732

Доллар 454 теңгеден асты: 12 қазандағы валюта бағамы

Айырбастау орындарында доллар қаншадан сатылып жатқаны белгілі болды.

Доллар 454 теңгеден асты: 12 қазандағы валюта бағамы
Syda Productions / Canva

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 12 қазанда Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің бағамы әртүрлі деңгейде қалыптасты. Доллардың сату бағасы үш қалада да 454 теңгеден жоғары болса, еуро 511–513 теңге аралығында сатылып жатыр. 

Астанадағы валюта бағамы

Елордадағы айырбастау орындарында долларды орта есеппен 448,99 теңгеден сатуға, ал 455,99 теңгеден сатып алуға болады.

Еуроны сату бағасы орта есеппен 501,96 теңге болса, сатып алу бағасы 511,96 теңгені құрайды. Рубльді 5,17 теңгеден өткізуге, ал 5,37 теңгеден сатып алуға болады.

Алматыдағы валюта бағамы

Алматыда долларды орта есеппен 451,80 теңгеден сатуға, 454,39 теңгеден сатып алуға болады.

Еуроның сату бағасы 506,76 теңге, сатып алу бағасы 511,40 теңге деңгейінде. Ресей рублін айырбастау орындары орта есеппен 5,12 теңгеден қабылдап, 5,25 теңгеден сатуда.

Шымкенттегі валюта бағамы

Шымкентте долларды орта есеппен 452,62 теңгеден өткізуге болады, ал оны сатып алу бағасы 454,68 теңгеге жеткен.

Еуроның сату бағасы 507,21 теңге болса, сатып алу бағасы 512,76 теңгені құрайды. Рубльді 5,17 теңгеден сатуға, 5,24 теңгеден сатып алуға болады.

Ресми бағам

12 қазанға белгіленген ресми бағам бойынша:

  • 1 АҚШ доллары – 453,93 теңге;

  • 1 еуро – 508,72 теңге;

  • 1 Ресей рублі – 5,35 теңге. 

Материал авторы