720

Басына пакет кигізіп, подъезден алып шыққан: Алматыда 61 жастағы ер адам өлтірілді

Алматыдағы кісі өлтіру ісі бойынша төрт адам ұсталды.

Басына пакет кигізіп, подъезден алып шыққан: Алматыда 61 жастағы ер адам өлтірілді
t.me/qumash_kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда 61 жастағы қала тұрғынын өлтіру дерегі бойынша төрт адам ұсталды. Тергеу барысында күдіктілердің марқұмның пәтерін заңсыз иеленуге қатысы болуы мүмкін деген болжам да тексеріліп жатыр. 

Бұған дейін әлеуметтік желілерде екі ер адамның тұрғын үйдің кіреберісіне кіріп, бір нәрсені талқылап тұрғаны түсірілген бейнежазба тараған еді. Кейін олардың бірі басына пакет кигізілген ер адамды иығына салып, сыртқа алып шыққан. Осы оқиғадан кейін полиция үш күдіктінің ұсталғанын хабарлаған болатын.

Ал 12 қазанда Алматы қалалық Полиция департаменті істің тергелуіне қатысты жаңа мәлімет жариялады. Ведомствоның хабарлауынша, 61 жастағы тұрғынның өліміне байланысты төрт адам ұсталған.

«Тергеу барысында қылмыстың мән-жайы анықталып, күдіктілердің жеке басы және олардың марқұмның пәтерін заңсыз иеленуге қатысы болуы мүмкін екені белгілі болды. Төртеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді полиция.

Қылмыстық істі тергеу үшін Ішкі істер министрлігі тәжірибелі қызметкерлерден арнайы тергеу-жедел тобын құрған. Тергеу барысы ішкі істер министрінің ерекше бақылауына алынған.

Полиция тергеу мүддесіне байланысты әзірге өзге ақпаратты жарияламайтынын хабарлады.

Материал авторы