Әзербайжан қазақстандықтарға 10 білім грантын бөлді

23.05.2023, 14:28
539
Әзербайжан қазақстандықтарға 10 білім грантын бөлді smartnews.kz

Әзербайжанның жоғары оқу орындары үкіметаралық гранттар аясында қазақстандықтарға бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша оқуға 10 білім грантын ұсынды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Қазақстандықтарға Әзербайжанның 25 жетекші жоғары оқу орны ұсынылады. Оқу әзербайжан, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Тілді тиісті деңгейде меңгермеген үміткерлер тегін тілдік дайындықтан өте алады. Қазақстандықтарға үкіметаралық гранттар аясында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша Еуропа мен Азияның 10 елінде тегін оқуға 500-ге жуық грант жыл сайын бөлініп отырады. Бірқатар ел тілді меңгермеген үміткерлерге тегін тілдік дайындықтан өту мүмкіндігін береді», - деп атап өтті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Олжас Сәкенов.

Аталған орталық дерегінше, Әзербайжанның жоғары оқу орындарында тегін оқуға арналған конкурсқа қатысуға құжат қабылдау 2023 жылғы 9 маусымға дейін жалғасады. Өтінімдер eGov порталы арқылы, сондай-ақ Халықаралық бағдарламалар орталығының кеңсесінде қағаз түрінде қабылданады.

Грант тілдік курстардан өту, академиялық оқу, жатақханада тұру, медициналық сақтандыру шығындарын өтейді. Сонымен қатар студенттерге ай сайын стипендия төленеді.

Грант тағайындау конкурсына қатысуға негізгі критерийлер:

• бакалавр дәрежесін алуға үміткерлер үшін - негізгі орта білім туралы аттестат немесе куәлік және ағымдағы оқу жылындағы ағымдағы үлгерімі туралы табель/транскрипт немесе арнаулы орта білім туралы диплом орташа балының кемінде 4,0 (5,0-тен)балына сәйкестігі;

• магистр дәрежесін алуға үміткерлер үшін - бакалавр/маман диплом немесе ағымдағы үлгерімі туралы транскрипт орташа балының кемінде 3,0 (4,0/4,33-тен) балға сәйкестігі;

• ағылшын тілінде оқу үшін кемінде мынадай деңгейдегі қолданыстағы сертификат керек:

• «Бакалавриат» бағдарламасы үшін – IELTS 9.0-дан 5.0; TOEFL 120-дан 40; «Магистратура» бағдарламасы үшін – IELTS 9.0 - 9.0-дан 5.5; TOEFL 120-дан 50.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды