687

TikTok-тағы бейәдеп сөзі үшін жауап берді: 27 жастағы талдықорғандық сотталды

Жетісу облысының полицейлері TikTok-тағы тікелей эфирді бақылау кезінде бейәдеп сөздер қолданған 27 жастағы әйелді анықтады.

TikTok-тағы бейәдеп сөзі үшін жауап берді: 27 жастағы талдықорғандық сотталды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Талдықорғанда TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде бейәдеп сөздер айтқан 27 жастағы әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, айыппұл салды. Бұл туралы Жетісу облысының Полиция департаменті жазды.

Ведомствоның Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарланғандай, полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде TikTok-тағы тікелей эфирден бейәдеп сөздер қолдану дерегін анықтаған.

Тікелей эфирге қатысқан адамның жеке басы анықталып, оның Талдықорған қаласының 27 жастағы тұрғыны екені белгілі болды.

Жиналған материалдар сотқа жолданды. Істі қарау қорытындысы бойынша әйел ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде айыппұл салынды.

Материал авторы