Семейде жоғалып кеткен 22 жастағы жігіттің мәйіті табылды
Нұрасыл Әбен 4 қазанда үйінен шығып кеткеннен кейін хабар-ошарсыз жоғалып кеткен.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Семейде 4 қазанда жоғалып кеткен 22 жастағы Нұрасыл Әбеннің мәйіті табылды. Бұл туралы Lider еріктілері жазды.
Еріктілердің мәліметінше, 2003 жылы туған Нұрасыл Әбен Қарағайлы көшесі, 50А мекенжайындағы үйден шығып кеткеннен кейін хабар-ошарсыз жоғалған. Оны іздестіру жұмыстары жүргізілген.
Жігітті соңғы рет жаңа көпір маңындағы бейнебақылау камерасынан байқаған. Ол жоғалған күні ақ футболка мен қара шалбар киген.
Қазіргі уақытта жігіттің мәйіті қандай жағдайда табылғаны және оның өліміне не себеп болғаны туралы ақпарат жарияланған жоқ.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші