1018

Алматыда балалар алаңында қырынған ер адам жауапқа тартылды

Балалар ойнайтын жерде жуынып, қырынған ер адамның әрекеті жұрттың ашуын туғызды.

Алматыда балалар алаңында қырынған ер адам жауапқа тартылды
t.me/almatykrispi

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда балалар ойнайтын алаңда жуынып, қырынған және қоғамдық тәртіпті бұзған адамдарға қатысты тұрғындардың шағымы әлеуметтік желіде жарияланды. Полиция арызға назар аударып, тиісті шара қабылдаған. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті жазды.

Kris.p.media Telegram-арнасында Алматы тұрғынының Станкевич көшесі, 9/11 мекенжайындағы үйдің жанында орналасқан балалар алаңына қатысты шағымы жарияланған.

Жазба авторының сөзінше, аталған аумақта кейбір адамдар күн сайын жуынып, қырынатын, ішімдік ішетін және дәрет сындыратын көрінеді. Тұрғын бұдан бөлек, балалар ойнайтын жерде жыныстық сипаттағы әрекеттер де болады деп мәлімдеген.

Оның айтуынша, осындай жағдайларға қарамастан, балалар сол алаңда ойнауын жалғастырып жүр. Тұрғынның шағымы әлеуметтік желіде жарияланғаннан кейін полиция қызметкерлері жағдайға араласып, шара қабылдаған.

Материал авторы