1130

Павлодардағы моншада келуші мен қызметкер төбелесіп қалды

Сыра ішіп отырған келуші монша қызметкерімен жанжалдасқан көрінеді.

Павлодардағы моншада келуші мен қызметкер төбелесіп қалды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодардағы «Сарыарқа» моншасында келуші әйел мен мекеме қызметкері арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан. Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады. Полиция жанжалға қатысушыларды анықтап, олардың біріне қатысты әкімшілік материал рәсімдеді.

Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазба авторының айтуынша, мекеме қызметкерлері әйелге моншаның жабылатынын бірнеше рет ескертіп, залдан шығуын сұраған. Оған сырасын сыртқа шығарда аяқтауға мүмкіндік берілгені де айтылады. Алайда автордың мәлімдеуінше, келуші әйел осыдан кейін қызметкерге шабуыл жасаған. Видеодан баланың жылаған дауысы да естіледі.

Полиция әлеуметтік желілерді бақылау барысында оқиға туралы ақпаратты анықтап, жанжалға қатысқан адамдарды тапқан.

«Қатысушылардың біріне ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік материал толтырылып, тиісті процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданды», – деп хабарлады полиция.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, екі тараптың да бір-біріне шағымы жоқ. Олар әрі қарай арызданудан және істі жалғастырудан бас тартқан.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор