933

Доллар 450 теңгеден асты: үш ірі қаладағы валюта бағамы жарияланды

Айырбастау орындарында доллар, еуро мен рубльді сатып алу және сату бағалары әртүрлі болып отыр.

Доллар 450 теңгеден асты: үш ірі қаладағы валюта бағамы жарияланды
Syda Productions / Canva

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау орындарында доллар, еуро және Ресей рублінің сатып алу-сату бағалары жарияланды. Үш қаладағы бағамдар бір-бірінен ерекшеленеді.

Астанадағы валюта бағамы

Астанада айырбастау орындары долларды орта есеппен 446,01 теңгеден сатып алып, 453,02 теңгеден сатады.

Еуроны орта есеппен 496,51 теңгеден өткізуге болады. Ал айырбастау орындарынан еуро сатып алу үшін 509,01 теңге төлеу қажет.

Ресей рублін сату бағасы орта есеппен 5,15 теңге болса, сатып алу бағасы 5,35 теңгені құрайды.

Алматыдағы валюта бағамы

Алматыда долларды орта есеппен 449,76 теңгеден сатуға болады. Айырбастау орындарында бір долларды сатып алу бағасы 452,14 теңге шамасында.

Еуроны сату бағасы орта есеппен 503,42 теңге болса, сатып алу бағасы 507,98 теңгеге тең.

Ресей рублін айырбастау орындары орта есеппен 5,16 теңгеден сатып алады. Ал бір рубльді сатып алу үшін 5,27 теңге қажет.

Шымкенттегі валюта бағамы

Шымкентте долларды орта есеппен 450 теңгеден сатуға болады. Айырбастау орындарында оны сатып алу бағасы 451,98 теңгені құрайды.

Еуроны орта есеппен 504,10 теңгеден өткізуге болады. Ал сатып алу бағасы 508,90 теңге шамасында.

Ресей рублін сату бағасы 5,18 теңге болса, сатып алу бағасы 5,24 теңгеге тең.

Валюталардың ресми бағамы

13 қазанға белгіленген ресми бағамдар:

  • 1 АҚШ доллары — 451,31 теңге;

  • 1 еуро — 504,56 теңге;

  • 1 Ресей рублі — 5,36 теңге.

Айта кетейік, айырбастау орындарындағы бағамдар орташа көрсеткіштерге негізделген және нақты айырбастау пунктіне қарай өзгеруі мүмкін. Сондықтан валюта айырбастамас бұрын қолданыстағы бағамды нақтылап алған жөн. 

Материал авторы