Тоқаев балаларды оңалту орталығында семейлік қызды туған күнімен құттықтады
Астанадағы Ұлттық балаларды оңалту орталығына барған Қасым-Жомарт Тоқаев Семейден келген Милананың 15 жасқа толғанын біліп, оны жеке құттықтады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Ұлттық балаларды оңалту орталығына барған кезде Семейден келген Милана Битимованың туған күні екенін білді. Мемлекет басшысы 15 жасқа толған қыздың жанына барып, оны жеке құттықтап, сыйлық беруге уәде етті.
Telegram-дағы Baltabayev арнасының мәліметінше, Милана алты бала тәрбиеленіп жатқан көпбалалы отбасында өсіп келеді. Қызға балалардың церебралды сал ауруы диагнозы қойылған.
Милананың анасы Екатерина балалардың тәрбиесі мен отбасының күтіміне уақытын арнаса, әкесі Қайрат пластик терезелерді дайындау және орнату жұмыстарымен айналысады.
Орталыққа барған президент Милананың жанына кіріп, хал-жағдайын сұраған. Оны туған күнімен құттықтап, бірге суретке түскен. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев қызға сыйлық пен өзінің жеке қолтаңбасы қойылған фотосуреттерді жіберуге уәде берген.
Материал авторы