Ақтөбеде жанжал кезінде ер адам әйелді бауыздап кетті
Полиция әйелдің өліміне қатысы бар деген күдікпен Атырау қаласының 28 жастағы тұрғынын ұстады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде жанжал кезінде әйел пышақ жарақатынан көз жұмды. Оны өлтірді деген күдікпен Атырау қаласының 28 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық полиция департаменті жазды.
Полицияның баспасөз қызметі хабарлағандай, алдын ала мәлімет бойынша, күдікті мен марқұм бұған дейін бір-бірін таныған.
Құқық қорғау органдарының дерегінше, арада жанжал туындаған кезде ер адам әйелге пышақ жарақатын салған. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болған.
Қазір оқиғаның мән-жайын толық анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстың себебі мен күдіктінің әрекетіне түрткі болған жағдайлар анықталуда.
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің басшылығы тергеу барысын бақылауына алған. Күдіктінің кінәсі сотта дәлелденгенге дейін ол кінәсіз деп есептеледі.
Материал авторы