1165

Дариға Бадықова мен Олжас Абай дүркіретіп той жасады

Актриса Дариға Бадықова мен актер Олжас Абайдың үйлену тойынан түсірілген видеоларды Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде жариялады.

Дариға Бадықова мен Олжас Абай дүркіретіп той жасады
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, актриса әрі продюсер Дариға Бадықова мен актер Олжас Абайдың үйлену тойы өтті. 

Желіде тараған кадрлардан жас жұбайлардың қуанышты сәттерін көруге болады. Олардың маңызды күніне ортақтасуға продюсер Гүлнұр Мамасарипова, актриса Нұргүл Мыңғатова, әншілер Жазира Байырбекова, Гүлнұр Оразымбетова және Ақбота Керімбекова барған.

Әлеуметтік желі қолданушылары да жұпты құттықтап, отбасылық өмірлеріне бақыт пен береке тіледі.

Еске салайық, бұған дейін Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың құдалық рәсімі өтіп, актрисаға сырға салу дәстүрі жасалған еді.

Үйлену тойы көпшіліктің талқысына түскен кезде Дариға Бадықова жанкүйерлеріне арнайы үндеу жариялаған. Актриса өзіне бақыт тілеп, ақжарма тілектерін арнауды сұраған болатын. 

Материал авторы