1007

Қайрат Нұртас концертіндегі итеріс кезінде зардап шеккен қыз әлі жансақтау бөлімінде жатыр

Шымкенттегі концертте зардап шеккен 18 жастағы қыздың жүрегі мен миы зақымданып, өзі әлі есін жимаған.

Қайрат Нұртас концертіндегі итеріс кезінде зардап шеккен қыз әлі жансақтау бөлімінде жатыр
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте Қайрат Нұртас концерті кезінде зардап шеккен 18 жастағы қыздың жағдайы әлі де ауыр. Оның жүрегі мен миы зақымданып, өзі жансақтау бөлімінде жатыр. Әзірге есін жимаған.

Телеарна мәліметінше, қыз ес-түссіз жатқан кезде оның ұялы телефоны мен құжаттарын ұрлап кеткен. Қазір полиция осы оқиғаға қатысты мән-жайды тексеріп жатыр. Зардап шеккен қыздың туыстары журналистерге сұхбат беруден бас тартқан.

Еске салайық, концерт 10 қазанда Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткен. Оқиғадан кейін концертті ұйымдастырушы уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Материал авторы