858

Динара Сәтжан жүкті деген ақпарат пайда болды: желі қолданушылары видеоға назар аударды

Тележүргізуші Дубайдағы демалысынан видео жариялаған соң, әлеуметтік желі қолданушылары оның жүкті екенін жазды.

Динара Сәтжан жүкті деген ақпарат пайда болды: желі қолданушылары видеоға назар аударды
instagram.com/dinarasatzhan

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, журналист әрі тележүргізуші Динара Сәтжан Біріккен Араб Әмірліктерінде демалып жүр. Ол Дубайда өткізген демалысынан видео жариялаған соң, әлеуметтік желі қолданушылары оның жүкті болуы мүмкін екенін болжай бастады. 

Тележүргізуші Instagram парақшасында Дубайдың тарихи аудандарының бірі — Al Seef-ті аралаған сәттерін көрсетті. Оның айтуынша, бүгінде Дубай зәулім ғимараттарымен, әлемдік деңгейдегі қонақүйлерімен, люкс брендтерімен, университеттерімен және халықаралық компаниялардың кеңселерімен танымал. Алайда қаланың тарихына үңілгісі келетіндерге басқа бағытты таңдауға кеңес берген.

Динара Сәтжанның сөзінше, Dubai Creek шығанағының жағасында орналасқан Al Seef ауданынан қаланың мүлде өзгеше келбетін көруге болады. Тар көшелері, құм түстес қабырғалары мен ағаш есіктері бар бұл мекен ХХ ғасырдың басындағы Дубайдың атмосферасын сақтаған. Кезінде осы шығанақ сауда орталығы болып, мұнда інжу-маржан өндіріліп, сатылған. Тележүргізуші қазіргі Дубайдың әйгілі нысандары пайда болмай тұрып-ақ, қаланың тарихы дәл осы жерден басталғанын атап өтті.

Видеодан кейін желі қолданушыларының назары тележүргізушінің жеке өміріне де ауды. Кейбірі оның жүкті болуы мүмкін екенін жазып, пікірлер бөлімінде жылы тілектерін қалдырған. Өзгелері оның сырт келбетіне қарап, түрлі болжам айтқан.

Алайда Динара Сәтжанның өзі жүктілік туралы ресми мәлімдеме жасамаған. Сондықтан желі қолданушыларының пікірлері әзірге расталмаған болжам күйінде қалып отыр.

Еске салайық, 2026 жылдың қыркүйегінде Динара Сәтжан 44 жасқа толды. Оның алғашқы некесінен Даниял есімді ұлы мен Диана есімді қызы бар. Жақында үлкен ұлы сүйіктісі Айнұрға үйленуге ұсыныс жасаған.

Ал 2025 жылдың сәуірінде тележүргізуші қазақстандық кәсіпкер Жұмабек Жаңықұловпен заңды некеге тұрған.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор