«Үйіңе қош келдің, Тоби!»: Елена Рыбакина отбасын толықтырды
Спортшының жазбасынан кейін жанкүйерлері оның жаңа серігімен танысып, жылы лебіздерін білдірді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, теннисші Елена Рыбакина жанкүйерлерімен қуанышты жаңалығын бөлісті. Ол Instagram парақшасының Stories бөлімінде үйіне жаңа күшік әкелгенін көрсетіп, оның атын Тоби деп таныстырды.
Спортшы жариялаған суретте кішкентай күшік көрпешенің үстінде отырып, тасымалдауға арналған сөмкеден басын шығарып тұр. Рыбакина суретке «Үйіңе қош келдің, Тоби!» деп жазған.
Айта кетейік, жуырда қазақстандық теннисші Бейжіңде өткен WTA 1000 санатындағы хард турниріне екінші айналымнан бастап қатысқан. Алайда ол армениялық Алина Чараевадан жеңіліп қалды. Осыдан кейін Рыбакина аяғындағы мәселеге қатысты мәлімдеме жасап, жарысты жалғастырудан бас тартты.
Соған қарамастан, турнир аяқталғаннан кейін Елена Рыбакина әйелдер арасындағы жекелей сында әлемдік рейтингтің бірінші сатысында қалды.
Материал авторы