Павлодарда гимназия оқушысы туберкулез деген күдікпен ауруханаға жатқызылды
Дарынды балаларға арналған гимназия оқушысы ауруханаға түсті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодардағы №3 дарынды балаларға арналған гимназияның оқушысы туберкулезге күдік туындаған соң ауруханаға жатқызылды. Қазір ол облыстық фтизиопульмонология орталығында ем алып жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалаған.
Павлодар облысының білім басқармасы мәліметінше, оқушыдан туберкулез болуы мүмкін деген күдік туралы хабарлама 7 қазанда түскен. Осыдан кейін уәкілетті органдардың нұсқамасына сәйкес, қажетті профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жүргізілген.
Қазіргі уақытта қыз облыстық фтизиопульмонология орталығында медициналық көмек алып жатыр. Мамандар оның жағдайын тұрақты бақылауда ұстап отыр.
Облыстық білім басқармасы кәмелетке толмаған баланың денсаулығына қатысты қосымша ақпарат жарияланбайтынын мәлімдеді. Ведомствоның түсіндіруінше, бұл талап Қазақстанның «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 273-бабына сәйкес қойылған.
Сонымен бірге білім басқармасы жағдайдың бақылауда екенін хабарлады.
Материал авторы