2059

«Атымды ұрандап жатты»: Дастан Сәтпаев жанкүйерлеріне алғыс айтты

Дастан Сәтпаев «Бернли» клубының жанкүйерлері оның есімін ұрандап, қолдау көрсеткен сәтті ерекше ықыласпен еске алды.

«Атымды ұрандап жатты»: Дастан Сәтпаев жанкүйерлеріне алғыс айтты
instagram.com/burnleyofficial

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев жанкүйерлердің қолдауына ризашылығын білдірді.

«Бернли» клубының ресми парақшасында жарияланған видеода футболшы Қазақстан мен Англиядағы жанкүйерлерінің ықыласы оған ерекше қуаныш сыйлайтынын айтты.

«Қазақстанда мені қолдап жүргеніне қатты қуанамын. Мұны жоғары бағалаймын. Барлығына рақмет. Сенбі күні трибунада өте қатты дауыстар естілді. Жанкүйерлердің менің атымды ұрандап жатқанын естідім. Олардың қолдауы мені бақытты етеді», – деді футболшы.

Еске салайық, бұған дейін Дастан Сәтпаев «Бернли» клубының Чемпионшиптегі осы маусымдағы алғашқы жеңісінен кейін жанкүйерлеріне қазақ және ағылшын тілдерінде алғыс айтқан еді.

Қазақстандық футболшы жарақатынан кейін алаңға оралып, Чемпионшиптің тоғызыншы турында «Уотфордқа» қарсы матчқа қатысты. Бұл кездесуде «Бернли» сырт алаңда 4:0 есебімен жеңіске жетті.

Материал авторы