362

Доллар 450 теңгеге жақындады: айырбастау орындарында жаңа валюта бағамы

Айырбастау орындарында доллар, еуро мен рубльдің сатып алу және сату бағасы әртүрлі қалыптасты.

Доллар 450 теңгеге жақындады: айырбастау орындарында жаңа валюта бағамы
apomares / Getty Images Signature

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 14 қазанда Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау орындарында АҚШ доллары, еуро және Ресей рублінің сатып алу мен сату бағамдары жарияланды. Қалаға қарай валюта бағамында айырмашылық бар. 

Астана. Елордадағы айырбастау орындарында долларды орта есеппен 446 теңгеден сатуға, ал 453,01 теңгеден сатып алуға болады. Еуроны сату бағасы орта есеппен 496,40 теңге болса, сатып алу құны — 509 теңге. Рубльді 5,15 теңгеден өткізуге, ал 5,35 теңгеден сатып алуға болады.

Алматы. Қалада долларды орта есеппен 449,23 теңгеден сатуға болады. Айырбастау орындарында оны сатып алу бағасы 451,67 теңгені құрайды. Еуроны сату бағасы — 500,97 теңге, сатып алу бағасы — 505,53 теңге. Ресей рублін 5,17 теңгеден өткізіп, 5,28 теңгеден сатып алуға болады.

Шымкент. Мұнда долларды орта есеппен 449 теңгеден сатуға, ал 451,50 теңгеден сатып алуға болады. Еуроны сату бағасы шамамен 501,90 теңге болса, сатып алу құны орта есеппен 506,86 теңгеге жетті. Рубльді 5,18 теңгеден өткізіп, 5,25 теңгеден сатып алуға болады.

14 қазандағы ресми бағам бойынша 1 АҚШ доллары — 448,45 теңге, 1 еуро — 501,59 теңге, 1 Ресей рублі — 5,36 теңге.

Айта кетейік, айырбастау орындарындағы бағамдар бір-бірінен өзгеше болуы мүмкін. Сондықтан валюта айырбастамас бұрын нақты бөлімшедегі бағамды тексерген жөн.

Материал авторы