Әнші Сәкен Майғазиев қара жамылды
Марқұммен қоштасу рәсімі бүгін өтеді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Сәкен Майғазиевтің анасы Ұлтай Мырзамбекқызы дүниеден озды. Қаралы хабар өнер иесінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.
«Сәкен Майғазиев бауырымыздың анасы қайтыс болды. Алла жанын жәннатта етсін», – делінген жазбада.
Марқұммен қоштасу рәсімі 2026 жылғы 14 қазанда сағат 15:00-де Түркістан облысындағы Созақ ауылында, өзінің үйінде өтеді.
Айта кетейік, Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында анасымен бірге өткізген сәттерін жиі жариялап отырған.
Материал авторы
Азиз Қалижан
Редактор