521

Алматыда 50 шақты бала жаппай уланды

Республикалық физика-математика мектебінің 48 оқушысы инфекциялық ауруханаға жатқызылған.

Алматыда 50 шақты бала жаппай уланды
istockphoto.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің ондаған оқушысы жедел ішек инфекциясына ұқсас белгілермен ауруханаға түсті. 12–14 қазан аралығында 48 оқушы инфекциялық ауруханаға жатқызылған. Тағы алты бала интернатта оқшауланып, дәрігерлердің бақылауында отыр.

Басқарманың баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта ауруханаға түскен балалардың жағдайы тұрақты. Реанимациялық көмек қажет болған жағдай тіркелмеген.

Медицина қызметкерлері барлық балаға қажетті көмекті толық көлемде көрсетіп жатыр. Оларды емдеуге тиісті жағдай жасалған, ал науқастар дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

Оқушылардың сырқаттануына байланысты мектепте тексеру басталған. Ал оқиғаға қатысты өзге мәліметтер ұсынылған хабарламада нақтыланбаған.

Материал авторы