Дариға Бадықова қайта тұрмысқа шығу туралы шешімін түсіндірді
Актриса күйеуіне алғыс айтты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желіде өмірінің жаңа кезеңін бастауға және өткенді артта қалдыруға не себеп болғанын түсіндірді. Өнер иесінің айтуынша, ол алда өзін бақыт пен махаббат күтетініне сенген.
Актриса өткен оқиғаларды қайта еске алып, оларды қайта-қайта талқылағысы келмейтінін мойындады. Енді ол назарын өткенге емес, бүгінгі өмірі мен болашағына аударуды жөн көрген.
«Мен алға қарай қадам басуды таңдадым және жақсы күндердің келетініне сендім. Мен де бақытқа, махаббатқа және ғажайып сәттерге лайық болатыныма сендім. Өткенімді баяндаудың орнына, болашағымды әдемі етуді таңдадым», — деп жазды актриса.
Сондай-ақ Дариға Бадықова өзіне арнап ән шығарғаны үшін жұбайына алғыс білдірді. Ол бұл туындыны бақытқа сенген жүректің жеңісі деп бағалады.
Еске салайық, Дариға Бадықова мен Олжас Абай жақында дүркіретіп үйлену тойын өткізген еді. Бұған дейін әлеуметтік желіде актрисаға берілген қалыңмалдың мөлшері де қызу талқыланған болатын.
Материал авторы