816

ШҚО-да әйел мен 2 баласы өлі күйінде табылды

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде, тұрғын үйді жалын түгел шарпып, шатыры опырылып түскен.

ШҚО-да әйел мен 2 баласы өлі күйінде табылды
pexels.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданындағы Бобровка ауылында тұрғын үй өртеніп, үш адам қаза тапты. Марқұмдардың бірі — әйел, қалған екеуі — кәмелетке толмаған балалар. 

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт туралы шақырту түскен бойда оқиға орнына өрт сөндірушілер жіберілген. Алайда мамандар жеткен кезде үйді жалын толық шарпып, шатырдың бір бөлігі опырылып түскен.

Өртті сөндіру барысында құтқарушылар үй ішінен әйел мен екі баланың денесін тапты.

Тілсіз жау 63 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт толық сөндірілді. Қазір оның шығу себебі анықталып жатыр.

Материал авторы