Шымкентте екі ер адамнан 10 млн теңге талап етіп, көлігін тартып алғандар бес жылға сотталды
Тергеу барысында күдіктілердің бірінің үйінен қаруға ұқсас екі зат пен төрт оқ тәркіленген.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте жергілікті тұрғыннан 10 миллион теңге талап етіп, қорқыту арқылы ақша бопсалаған екі ер адам бес жылға бас бостандығынан айырылды.
Ведомствоның Instagram парақшасындағы мәліметке сәйкес, жәбірленушінің арызынан кейін полиция қызметкерлері күдіктілерді жедел анықтап, ұстаған. Олар ақшаны қорқыту арқылы талап еткен.
Тергеу кезінде күдіктілердің бірінің үйінен қаруға ұқсас екі зат пен төрт оқ тәркіленген.
Полицияның хабарлауынша, жүргізілген тергеу әрекеттерінің нәтижесінде жәбірленушіге Mercedes-Benz автокөлігі мен бопсалау арқылы алынған 300 мың теңге қайтарылған.
Сот шешімімен екі айыпталушы да бес жылға бас бостандығынан айырылды.
Материал авторы