1230

Алматы облысында үш ер адам ауыл тұрғынына шабуыл жасап, көлігіне оқ жаудырды

Әлеуметтік желіде тараған видеода көліктің шанағындағы оқ іздері мен сынған әйнек көрінеді.

Алматы облысында үш ер адам ауыл тұрғынына шабуыл жасап, көлігіне оқ жаудырды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысының Іле ауданына қарасты Қосөзен ауылында үш ер адам жергілікті тұрғынға шабуыл жасап, оның көлігіне пневматикалық қарудан оқ атқан.

Оқиға 14 қазанда болған. Жанжалдан кейін түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады. Кадрларда көліктің шанағындағы тесіктер мен сынған әйнек көрінеді. Видео авторының айтуынша, үш ер адам бір адамға шабуыл жасағаннан кейін оның көлігін атқылаған.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға байланысты бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық істер қозғалғанын мәлімдеді.

Полицияның хабарлауынша, жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жанжалға қатысушылардың барлығы бірнеше сағат ішінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, әр қатысушының әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор