1033

«Әйелдердің киімін киіп алған»: әнші Садраддин тағы да сынға қалды

Әншінің «Қызық Times» бағдарламасына киіп келген пиджагын кейбір желі қолданушылары әйелдердің киіміне ұқсатты.

«Әйелдердің киімін киіп алған»: әнші Садраддин тағы да сынға қалды
threads.com/@001_mdn

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Садраддин Болат әлеуметтік желіде тағы да талқылау нысанына айналды. Бұл жолы жұртшылықтың назарына оның «Қызық Times» бағдарламасына киіп келген пиджагы ілікті. Кейбір желі қолданушылары киімді әйелдердің кофтасына ұқсатқан.

Желіде жарияланған жазбалардың бірінде автор әншінің стилистін ауыстыруы керек екенін айтқан. Оның пікірін басқа қолданушылар да қолдаған.

Бұған дейін Садраддиннің сахналық киімі Алматыдағы стадиондық концертінен кейін де қызу талқыланған еді. 23 жастағы әнші концертінде ақ түсті костюм мен сауытқа ұқсайтын күміс түсті корсет киген. Образын металл иық жапсырмалары, жылтыр қолғаптар мен мойнындағы ірі әшекей толықтырған.

Әншінің осы киіммен билеген сәті Threads желісінде мемге айналып, қолданушылар әзіл жазбалар мен видеолар жариялаған. Осылайша, Садраддиннің сахналық стилі оның өнері мен концерттік шоуынан бөлек талқыланатын тақырыпқа айналды.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор