«Ит өліп жатыр»: Алматыда такси арыққа түсіп кетті
Апат салдарынан жолаушы зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 15 қазан күні таңертең Алматының Шығыс айналма жолында BYD Destroyer 05 маркалы такси жолдан шығып, терең арыққа құлады. Жол апатынан жолаушы зардап шекті. Бұл туралы Zakon.kz басылымы жазды.
Бейнебақылау камераларындағы жазбаға сәйкес, көлік Диваев көшесіне жетпей солтүстік бағытта қозғалып келе жатқанда кенет оңға бұрылып, жол жиегінен шығып кеткен. Автокөлік тротуармен жүріп өтіп, терең арыққа түскен. Оны арықтың үстінен өтетін көпір тоқтатқан.
Апат салдарынан такси жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Рөлде студент болғаны айтылады. Ол түнгі уақытта жолаушы тасымалдаумен айналысқан болуы мүмкін. Жүргізушінің өзі ауыр жарақат алмаған.
Оқиға орнындағы куәгерлер жолға ит жүгіріп шығуы мүмкін екенін айтқан. Себебі көліктің астынан өлі жануар табылған. Алайда жолдағы бейнебақылау камерасы итті түсірмеген.
Басылымның жазуынша, жануар көпірдің астында жатқан немесе сол жерде мекендеген болуы ықтимал. Дегенмен оның өліміне көлік себеп болды ма, әлде апатқа дейін сол жерде болған ба, ол жағы әзірге белгісіз.
Жол апатының нақты себептері мен мән-жайы туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.
Материал авторы