868

Ресейлік рэпер Қазақстанда ұсталған соң есірткі контрабандасына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қырғызстаннан Қазақстанға кірген атышулы Navai Жамбыл облысында ұсталды.

Ресейлік рэпер Қазақстанда ұсталған соң есірткі контрабандасына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Mash/Арина Антонова/РИА Новости

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда ресейлік рэпер Навай Бакировке, яғни Navai лақап атымен танылған әншіге қатысты есірткі контрабандасына оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ТАСС агенттігі жазды.

Полицияның хабарлауынша, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазір іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Ведомство өкілдері қылмыстық істің нақты қай бап бойынша қозғалғанын жарияламады.

Бұған дейін Жамбыл облыстық полиция департаменті Navai-дың Қырғызстаннан Қазақстанға кіргеннен кейін ұсталғанын хабарлаған.

Қазақстан заңнамасына сәйкес, есірткі контрабандасы үшін қылмыстың ауырлығы мен елге әкелінген заттың көлеміне қарай айыппұлдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылған.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Рэпердің кінәсі сотта дәлелденіп, тиісті үкім шыққанға дейін ол күдікті мәртебесінде қалады. 

Материал авторы