971

Сәкен Майғазиевтің анасының қабірі басында жылаған сәті жұртты толқытты

Әнші анасының қабірі басында Құран оқып, көз жасына ерік берді.

Сәкен Майғазиевтің анасының қабірі басында жылаған сәті жұртты толқытты
threads.com/@baha_barber_

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «МузАРТ» тобының әншісі Сәкен Майғазиевтің анасының қабірі басында жылап отырған сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Кадрлар көпшіліктің көңілін толқытып, желі қолданушылары анадан айырылудың қай жаста да ауыр екенін жазды.

Әншінің анасы Ұлтай Мырзамбекқызының қайтыс болғаны туралы ақпарат 14 қазанда Сәкен Майғазиевтің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған болатын.

Кейін әлеуметтік желілерде әншінің анасының қабірі басында көз жасына ерік берген сәті түсірілген видео пайда болды. Жазба авторының айтуынша, ол әншінің қабір басында жалғыз қалып, Құран оқып, жылағанын көрген.

«Бүгін анадан айырылудың қаншалықты ауыр екенін терең сезіндім. Анаға деген махаббат пен сағыныштың шегі жоқ… Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Алла күнәларын кешіріп, жәннаттан орын нәсіп етсін», – деп жазған жарияланым авторы.

Видео желі қолданушыларын тебірентті. Көпшілік анадан айырылудың ауыр қайғы екенін айтып, әншіге көңіл білдірді. 

Материал авторы