1036

Отбасынан түгел айырылған Ақбаян Мұқанғалиева әріптер мен сандарды қайта үйреніп жүр

Туыстары оған психология мен психиатрия саласындағы білікті мамандарды іздестіріп жүр, алайда әзірге лайықты дәрігер табылмаған.

Отбасынан түгел айырылған Ақбаян Мұқанғалиева әріптер мен сандарды қайта үйреніп жүр
instagram.com/akbayan_life888

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ата-анасы, ағасы мен қарындасын өлтіргені үшін сотталған Сұлтан Сәрсемәлиевтің бұрынғы әйелі Ақбаян Мұқанғалиева ұзақ уақыт ем қабылдағаннан кейін денсаулығын қалпына келтіруді жалғастырып жатыр.

Жарияланған бейнежазбалардан Ақбаянның әріптер мен сандарды қайта үйреніп, тігін тігуге талпынып, қолөнермен айналысып жүргенін көруге болады. Сондай-ақ ол үстел теннисін ойнайды. Алайда әзірге ұзақ уақыт отыру оған қиындық туғызатындықтан, жаттығуларын тынығумен алмастырып отыруға мәжбүр.

Ақбаян дәрігерлерге тұрақты түрде қаралады. Туыстары оған психология және психиатрия салаларындағы білікті мамандарды іздестіріп жатыр. Дегенмен әзірге лайықты маман табылмаған.

Сонымен қатар Ақбаянға ауқымды стоматологиялық ем қажет. Қолда бар мәліметке сәйкес, оның 18 тісіне медициналық көмек көрсету керек.

Ақбаянның бес баласы бар. Жарияланған фотосуреттердің бірінде ол балаларымен бірге түскен. Ал жеке парақшасының сипаттамасында өзін «бес баласын сүйетін бақытты ана» деп таныстырған. 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор