1223

Алматыда TikTok-та балағат сөз айтып, алкоголь ішкен екі әйел жазаланды

Полиция әлеуметтік желілерді бақылау кезінде тікелей эфирде балағат сөз айтқан екі әйелді анықтады.

Алматыда TikTok-та балағат сөз айтып, алкоголь ішкен екі әйел жазаланды
instagram.com/almaty.police

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде балағат сөз айтып, темекі шеккен екі әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың бірі эфир барысында алкоголь ішіп, мас күйде болған. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті жазды.

Құқық бұзушылықты полицияның Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде анықтаған.

Ведомствоның мәліметінше, әйелдердің жеке басы тікелей эфир жүріп жатқан сәтте анықталып, екеуі де жедел ұсталған.

Құқық бұзған әйелдердің біріне 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынса, екіншісіне 15 тәулік әкімшілік қамақ жазасы тағайындалды.

Бұған дейін Талдықорған тұрғыны да TikTok-та тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтқаны үшін айыппұл төлегені хабарланған болатын. 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор