Қазақстанда бүгін түнде ауа температурасы -8 градусқа дейін төмендейді
Қазақстанның кей қалаларында тұман мен екпінді жел соғады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 16 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтілмейді. Ел аумағында күн құбылмалы бұлтты болып, кей өңірлерде түнгі температура -8 градусқа дейін төмендейді. Ал батыстағы кей қалаларда күндіз ауа +29 градусқа дейін жылынуы мүмкін. Бірқатар өңірде тұман, шаңды дауыл және екпінді жел болжанып отыр.
Астана – түнде -6...-8 градус, күндіз +10...+12 градус. Жауын-шашынсыз, күн құбылмалы бұлтты болады.
Алматы – түнде +1...+3 градус, күндіз +11...+13 градус. Жауын-шашын күтілмейді.
Шымкент – түнде +8...+10 градус, күндіз +22...+24 градус. Екпінді жел соғуы мүмкін.
Ақтөбе – түнде +6...+8 градус, күндіз +18...+20 градус. Күн аз бұлтты, жауын-шашынсыз болады.
Ақтау – түнде +17...+19 градус, күндіз +27...+29 градус. Күндіз шаңды дауыл соғып, жел күшеюі ықтимал.
Атырау – түнде +14...+16 градус, күндіз +24...+26 градус. Күндіз шаңды дауыл мен екпінді жел күтіледі.
Жезқазған – түнде +1...+3 градус, күндіз +12...+14 градус. Жауын-шашын болмайды.
Қарағанды – түнде -5...-7 градус, күндіз +6...+8 градус. Күн құбылмалы бұлтты болады.
Көкшетау – түнде -1...-3 градус, күндіз +9...+11 градус. Жауын-шашынсыз.
Қонаев – түнде -1...-3 градус, күндіз +11...+13 градус. Түнде екпінді жел соғуы мүмкін.
Қостанай – түнде -1...-3 градус, күндіз +13...+15 градус. Жауын-шашын күтілмейді.
Қызылорда – түнде +7...+9 градус, күндіз +17...+19 градус. Шаңды дауыл соғып, жел күшеюі мүмкін.
Павлодар – түнде -3...-5 градус, күндіз +7...+9 градус. Түнде және таңертең тұман түседі.
Петропавл – түнде -1...-3 градус, күндіз +10...+12 градус. Күндіз екпінді жел күтіледі.
Семей – түнде -3...-5 градус, күндіз +5...+7 градус. Жауын-шашынсыз.
Талдықорған – түнде -4...-6 градус, күндіз +8...+10 градус. Күн құбылмалы бұлтты болады.
Тараз – түнде +2...+4 градус, күндіз +13...+15 градус. Жауын-шашын күтілмейді.
Түркістан – түнде +9...+11 градус, күндіз +21...+23 градус. Екпінді жел соғуы мүмкін.
Орал – түнде +8...+10 градус, күндіз +22...+24 градус. Жауын-шашынсыз.
Өскемен – түнде -3...-5 градус, күндіз +4...+6 градус. Күн құбылмалы бұлтты болады.
Материал авторы