521

Танымал әнші Луина екінші рет ана атанды

Әнші әлеуметтік желіде ұлының дүниеге келгенін хабарлап, сәбиге Дени есімін қойды.

Танымал әнші Луина екінші рет ана атанды
instagram.com/luinaofficial

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Луиза Обухова, өнерде Luina есімімен танылған орындаушы, екінші рет ана атанды. «Титаник» әнімен көпшілікке танылған әнші қуанышты жаңалығын әлеуметтік желіде бөлісіп, ұлына Дени есімі берілгенін хабарлады.

Әнші 2026 жылғы 16 қазанда парақшасына бірнеше фотосурет жариялап, сәбиінің есімін қысқаша жазба арқылы таныстырды.

Желі қолданушылары, достары мен сахнадағы әріптестері Луинаны құттықтап, ана мен балаға амандық, сәбиге мықты денсаулық тілеуде.

Айта кетейік, 2026 жылдың мамыр айында әнші әлеуметтік желіде ішінің үлкейгені байқалатын видео мен фотосуреттерін жариялаған болатын. Сол кезде оның жүктілігі туралы ақпарат көпшілік назарына іліккен еді.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор