Астанада оқушылар мен жеңілдік иелеріне арналған Tarlan Astana-ның көлік карталарын ала алады
Жеңілдік картасы Астанада тіркелген әрі тұрақты тұратын, қалалық мәслихат бекіткен санаттарға жататын азаматтарға беріледі.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2026 жылғы 17 қазаннан бастап Астанада оқушылар мен жеңілдікпен жол жүретін азаматтарға арналған атаулы көлік карталарын Tarlan Astana-ның 18 станциясында рәсімдеуге болады. Бұған дейінгі Орталық кассаға қосымша арнайы қызмет көрсету пункттері ашылады. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты жазды.
«City Transportation Systems» (CTS) компаниясының мәліметінше, оқушы картасын елордадағы білім беру ұйымдарында оқитын 7–18 жас аралығындағы балалар ала алады.
Картаны рәсімдеу үшін мына құжаттар қажет:
-
ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке куәлігінің не паспортының түпнұсқасы;
-
баланың ЖСН-і көрсетілген туу туралы куәлігі;
-
Астанадағы оқу орнынан берілген анықтама;
-
3×4 см немесе 4×6 см өлшеміндегі түрлі түсті фотосурет.
Жеңілдік картасын кімдер ала алады?
Жеңілдікпен жол жүруге арналған карталар Астанада тіркелген әрі тұрақты тұратын, қалалық мәслихат бекіткен санаттарға жататын азаматтарға беріледі.
Оны рәсімдеу үшін жеке куәліктің немесе паспорттың түпнұсқасы, зейнеткерлік куәлік және 3×4 см немесе 4×6 см өлшеміндегі түрлі түсті фотосурет ұсынылуы керек.
Құжаттарды растау үшін eGov Mobile қосымшасындағы цифрлық құжаттарды, соның ішінде «Әлеуметтік ID»-ді де көрсетуге болады.
Жеңілдікпен жол жүру құқығы бар азаматтар санаттарының толық тізімі CTS сайтына орналастырылған жария шарттың қосымшасында берілген.
Материал авторы