478

Баян Алагөзова күйеуінің құшағына секірді

Жұп “Қатын деп соқсын жүрегің” деп видео түсірді.

Баян Алагөзова күйеуінің құшағына секірді
бейнежазбадан

Продюсер Баян Алагөзова мен жұбайы Тұрсынғали Алагөзов TikTok желісінде тараған вирустық трендке қосылды. Видеода Баян күйеуіне қарай жүгіріп барып, оның құшағына секіреді. Ал Тұрсынғали оны көтеріп алып, айналдырады.

Тренд Еркебұлан мен Бауыржан орындаған «Елім деп соқсын жүрегің» әнінің әзілге негізделген нұсқасынан кейін тараған. Жасанды интеллект көмегімен өзгертілген нұсқадағы «Елім» сөзі «Қатын» сөзімен алмастырылған. Оның қазақ тіліндегі «қатын» сөзімен үндесуі әлеуметтік желі қолданушыларына әзіл видеолар түсіруге түрткі болған.

Осы трендке қосылған Баян Алагөзова видеоның астына «Мен деп соқсын жүрегің» деген жазба қалдырған.

Айта кетейік, Баян Алагөзова ұйымдастыратын «Қазақ аруы – 2026» байқауының іріктеу кезеңі де аяқталды. Қазақстанның әр өңірінен келген 22 қатысушы финалға жолдама алған.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор