Republic Day және Bereke Fest: Астанада Республика күніне орай ірі сауда орындарында жеңілдіктер басталады
17-27 қазан аралығында елордада екі республикалық акция өтіп, тұрғындар азық-түлік пен өзге де тауарларды тиімді бағамен сатып ала алады.
Астанада 17-27 қазан аралығында Республика күніне орай «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық сауда акциялары өтеді. Науқан кезінде қала тұрғындары мен қонақтары азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарларды жеңілдетілген бағамен сатып ала алады. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты жазды.
Жеңілдіктер мен арнайы ұсыныстардың негізгі кезеңі 21-27 қазан аралығына жоспарланған. Осы күндері елорданың сауда орталықтары мен дүкендерінде түрлі тауарларға жеңілдіктер жарияланып, жаппай сатылымдар ұйымдастырылады.
Акцияларды Сауда және интеграция министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өткізеді. Бастаманың мақсаты – тұрғындар үшін тауарлардың қолжетімділігін арттыру, отандық өндірушілерді қолдау және ел ішіндегі сауда айналымын дамыту.
Астанада «Republic Day» акциясына 10 сауда-ойын-сауық орталығы, ал «Bereke Fest» науқанына түрлі сауда желілерінің 48 нысаны қатысады.
«Republic Day» акциясына қатысатын сауда орталықтары
-
Mega Silk Way – Қабанбай батыр даңғылы, 62.
-
Хан Шатыр – Тұран даңғылы, 37.
-
Аружан – І. Жансүгіров көшесі, 8/1.
-
Сарыарқа – Тұран даңғылы, 24.
-
Asia Park – Қабанбай батыр даңғылы, 21.
-
Даму мол – Ж. Нәжімеденов көшесі, 26.
-
Green Mall – Сығанақ көшесі, 17Б.
-
Koktal – Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12А.
-
Жібек жолы – Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 34.
-
NCITY – Тұран даңғылы, 53В.
«Bereke Fest» акциясына қатысатын дүкендер
Magnum сауда желісі
- Тұран даңғылы, 55Д.
Астықжан сауда желісі
-
Ақжол көшесі, 28.
-
Ж. Нәжімеденов көшесі, 26.
-
Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 15.
SMALL сауда желісі
-
Сұбханбердин көшесі, 2/1.
-
Бөгенбай батыр даңғылы, 26.
-
Абай даңғылы, 48, «Жаннұр» сауда үйі.
-
Кенесары көшесі, 4, «Эмират» ТК.
-
Абылай хан даңғылы, 27/3, «Азия Сити» сауда үйі.
-
Тұран даңғылы, 65.
-
Қабанбай батыр даңғылы, 21, «Asia Park» СОСО.
-
Қабанбай батыр даңғылы, 6/2.
-
Шыңғыс Айтматов көшесі, 44.
-
Достық көшесі, 18, «Москва» БО.
-
Масаты көшесі, 24.
-
Ұлы Дала даңғылы, 88.
-
Қошқарбаев даңғылы, 15А.
-
С. Асфендияров көшесі, 1.
-
Жұмекен Нәжімеденов көшесі, 34А.
-
Сығанақ көшесі, 1Б, «Tumar» сауда үйі.
-
А. Байтұрсынұлы көшесі, 34, «Jibek Joly» СОСО.
SPAR сауда желісі
-
Кенесары көшесі, 38.
-
Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 21, «Балқадиша» ТК.
-
Әнет баба көшесі, 7, «Қыран» ТК.
АНВАР сауда желісі
- Тұран даңғылы, 45.
Greenwich сауда желісі
-
Қорғалжын тасжолы, 43.
-
А. Байтұрсынұлы көшесі, 29А.
ВКУСМАРТ сауда желісі
- Кенесары көшесі, 80.
Фермаг сауда желісі
-
Қабанбай батыр даңғылы, 9/2.
-
Мәңгілік Ел даңғылы, 53.
-
Ұлы Дала даңғылы, 61.
-
Иманбаев көшесі, 7А.
-
Қошқарбаев даңғылы, 56.
-
Аманжолов көшесі, 32.
-
Мұхамедханов көшесі, 19.
-
Төле би көшесі, 46.
-
Төле би көшесі, 57.
-
Бөкейхан көшесі, 8.
-
Бөкейхан көшесі, 20.
-
Сарайшық көшесі, 8.
-
Ұлы Дала даңғылы, 27.
-
Конституция көшесі, 22.
-
Алматы көшесі, 11.
-
Сығанақ көшесі, 2.
-
Әл-Фараби көшесі, 9/1.
-
Қалдаяқов көшесі, 17.
-
Тыныбаев көшесі, 18.
-
Ұлы Дала даңғылы, 41/4.