Дариға Бадықова күйеуімен бал айын қай елде өткізіп жатқанын көрсетті
Актриса әлеуметтік желіде қонақүй мейрамханасынан видео жариялап, бал айында жүргенін хабарлады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық актриса Дариға Бадықова жұбайы Олжас Абаймен бірге бал айын Катарда өткізіп жатыр. Жас жұбайлар Доха қаласындағы Ritz-Carlton қонақүйін таңдаған. Актриса әлеуметтік желіде демалысынан видео жариялады.
Дариға Бадықова қонақүй мейрамханасында түсірілген видеосын жариялап, оған «Біз бал айындамыз» деп жазған.
Сапарға аттанар алдында актриса төлқұжаттары мен ұшақ билеттерінің суреттерін де бөліскен.
Еске салайық, Дариға Бадықова мен Олжас Абай бұған дейін дүркіретіп той жасаған. Әлеуметтік желілерде олардың сырға салу және құдалық рәсімдерінен түсірілген кадрлар да жарияланды. Сондай-ақ актрисаның қалыңмалының мөлшері көпшілік арасында талқыланған еді.
Бұған дейін Дариға Бадықова қайта тұрмысқа шығу туралы шешімінің себебін түсіндірген. Ал актрисаның бұрынғы күйеуі мұңды терме орындап, әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударған болатын.
Материал авторы