382

Ақбота-Нұр 30 жасқа толар алдында Мальдив аралдарына ұшып кетті

Ақбота Сейітмағамбет мұхит жағасындағы аралда орналасқан, жеке бассейні бар сәнді вилласын да көрсетті.

Ақбота-Нұр 30 жасқа толар алдында Мальдив аралдарына ұшып кетті
instagram.com/akbotanurabaykyzy

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық әнші әрі актриса, бұрынғы KешYOU тобының солисі Ақбота Сейітмағамбет 30 жасқа толуына санаулы күн қалғанда Мальдив аралдарына демалысқа аттанды. Өнер иесі сапарынан түскен суреттерін әлеуметтік желіде жариялаған.

Ақбота Сейітмағамбет Instagram парақшасында тропикалық аралдағы демалысын көрсетті. Суреттердің бірінде ол сары түсті, желбіршекті сарафанмен түскен. Ал фотосуреттер топтамасында жеке бассейні бар сәнді вилланың көріністері де бар.

Әнші жарияланымына арнайы түсініктеме жазбаған. Ол тек орналасқан жерін белгілеп, жүрек, құшақ және ұшақ эмодзилерін қосқан.

Айта кетейік, Ақбота Сейітмағамбет 22 қазанда 30 жасқа толады.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор