19 бала қаза тапты: Гайанада жатақхананы оқушы қыз өртеген болуы мүмкін

24.05.2023, 13:50
534
19 бала қаза тапты: Гайанада жатақхананы оқушы қыз өртеген болуы мүмкін AP

Гайанада 19 бала қаза тапқан жатақханадағы өртті оқушы ұйымдастырған болуы ықтимал, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Deutsche Welle-ге сілтемемен.

«Жойқын өртті оқушы ұйымдастыруы мүмкін. Ол өртті жатақхана коменданты мен мұғалімі оның ұялы телефонын алып қойғаннан кейін қойды деген күдік бар», - делінген ресми хабарламада.

Патологоанатомның қорытындысына сәйкес, 6 адам түтіннен уланып және күйік шалып қаза тапты. 13 адамның мәйіті Гайананың астанасы Джорджтаунға сараптамаға жіберілді.

30 бала ауруханаға жатқызылды.

Дүйсенбіде ел президенті Ирфаан Али үш күнге аза тұту жариялады. Ол Махди ауруханасындағы балаларға барып, қаза тапқандардың ата-анасымен кездесті.

Үкіметтегі белгісіз дереккөз AFP агенттігіне Махди аудандық ауруханасында қызды полиция күзетіп отырғанын хабарлаған, ол қыз өрт қойғанын мойындаған.

«Олар (жатақхана қызметкерлері) қыздың ұялы телефонын алып қойған, кейін ғимаратты өртейтінін айтып, қорқытқан. Мұны бәрі естіген», - деді дереккөз.

Еске салайық, Махди қаласындағы орта мектеп жатақханасында өрт дүйсенбі күні түнде, балалар ұйықтап жатқанда шыққан. Сол кезде ғимаратта 57 оқушы болған.

Гайана – Оңтүстік Американың солтүстік-шығысындағы мемлекет, ол Венесуэла мен Суринам арасында орналасқан.

Танымал блогердің қыздарға жазған хаты әшкере болды (ФОТО) «Фонограммамен бір-екі ән айтып, кетіп қалды»: Төреғали Төреәлі мерейтойға ішіп келіп, сынға қалды (ФОТО) Шенеунік егіс екпеген фермерлердің жерін шетелдіктерге берем деп қорқытқан «Ресейді жамандап еді, үндері шықпай қалыпты»: Пугачеваны жұрт сынап тастады Алмас Өтешов басшылық лауазымға тағайындалды 132 қазақ азаматы Иранда, 219 — Израильде екені белгілі болды Иран зымыраны Израильдегі әйгілі Вейцман ғылыми институтын атқылады. Институттың қандай маңызы бар? +1 уәде: Трамп Израиль мен Иранды татуластыруға уәде берді Қазақстанда педофилияға қатысты қылмыстар азайды — Ерлан Қарин Енді қырғызстандықтар АҚШ-қа кіре алмайды Тегеран: «Бізге соққы жасалып жатқанда, бітім туралы әңгіме болмайды» Қазақстандағы алғашқы АЭС-тың құны сараптамадан кейін белгілі болмақ Reuters: Израиль Хаменейді өлтірмек болды, ал Трамп қастандыққа рұқсат бермеді Астанада 10 жасар қыздың саусағы қамыр кесетін аппаратқа қысылып қалған Air India AI171 ұшағының қара жәшіктері табылды Иран ядролық қаруының жоқ екеніне кепілдік беруге дайын екенін мәлімдеді Еліміздің барлық өңірінде аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды «Атаң көріп қоймасын»: жүкті Жұлдыз Әбдікәрімованың киімі сынға ұшырады «Досымның қарындасы»: Сәкен Майғазиевтің ұлы мен келіні алғаш қалай танысқанын айтты (ВИДЕО) «Бала босанды»: 13 жастағы қызды әкесінің інілері 6 жыл бойы зорлап келген