Мадина Сәдуақасова ұлының арманын орындады
Әнші жасөспірім ұлы Ануардың көптен бергі арманын орындап берді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Мадина Сәдуақасова жасөспірім ұлы Ануардың көптен бергі арманын орындап, оны Нью-Йорк қаласына саяхатқа алып барды. Өнер иесі сапардан түсірілген суреттерін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Әнші ұлымен бірге Нью-Йоркте түскен фотосуреттерін бөлісіп, бұл сапардың Ануар үшін ерекше маңызы бар екенін айтты.
«Америка, Нью-Йорк, 2026 жыл. Бұл — ұлымның көптен бергі арманы. Баламның бақытты сәттерін көру — мен үшін ең үлкен қуаныш.
Армандарың асқақ болсын, менің Ануарым! Алла қаласа, әлемді бірге әлі талай аралайық!» — деп жазды Мадина Сәдуақасова.
Жарияланымға пікір қалдырған оқырмандар анасы мен ұлына жылы лебіздерін білдіріп, сапардың қызықты өтуіне тілектестік танытты. Кейбірі Ануардың есейіп қалғанын атап өтсе, енді бірі оның әкесіне ұқсайтынын жазды.
Желі қолданушылары әнші мен ұлына жарқын әсерлерге толы саяхат тілеп, армандардың орындалуына қатысты ізгі тілектерін жеткізді.
Материал авторы