Қызылордада Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университетінің жасанды интеллект мектебі ашылады

24.05.2023, 16:23
760
Қызылордада Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университетінің жасанды интеллект мектебі ашылады t.me/gylym_jogary_bilim

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған облыс делегациясы 22 мамырда Корея Республикасының Сеул қаласына іссапармен барды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің парақшасына сілтеме жасап.

Делегация құрамында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Қазақстан Республикасының Кореядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бақыт Дүйсенбаев, облыстық мәслихат төрағасы Наурызбай Байқадамов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Бейбіткүл Кәрімова бар.

Іссапардың алғашқы күні делегация мүшелері білім және ғылым салаларында ынтымақтастық орнату үшін Шинхан университетінің президенті Канг Сонг Чонг мырзамен кездесті. Әлеуметтік ғылымдар бағыты бойынша маңдайалды ЖОО-лардың бірі – Шинхан университеті 1960 жылы құрылған.

Кездесуде Канг Сонг Чонг мырза Қызылордада университет филиалын ашуға ынталы екенін білдірді. Осы ретте алдағы 20-30 жылдықта өңірдің еңбек нарығында қандай мамандықтардың сұранысқа ие болатынын екіжақты зерттей келіп, жоғары оқу орнын ашу жоспарлануда. Осы мәселелерді әрі қарай пысықтау үшін алдағы шілде айында Шинхан университеті президентінің Қызылордаға іссапарын ұйымдастыру көзделген. Еңбек нарығының болашақтағы бағыты зерттелгеннен кейін Шинхан университетінің филиалы қандай мамандықтар бойынша ашылатыны нақтыланады.

Корея Республикасындағы іссапар барысында Сеул Ұлттық ғылыми-техникалық университетінің Президенті Ли Донг Хун мырзамен кездесу өтті. Жиынға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек вице-министрлермен бірге онлайн қосылып, бастамаларға қолдау көрсетілетінін айтты.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың білім сапасын арттыру үшін әлемдегі озық жоғары оқу орындарының филиалдарын елімізде ашуды тапсырғаны белгілі. Бұл ең алдымен білікті мамандарды оқытып шығаруға, жоғары технологияларды игеруге жол ашады.

Корея мен Қазақстан арасында жоғары білім саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту үшін биыл Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жетекші университеттік жоба әзірленді. Жоба Корея Республикасының Үкіметінде мақұлданып, Білім министрлігінен гранттық жоба ретінде 1 млрд теңгедей қаржы бөлінеді.

Сондай-ақ, университет проректорлары, институт директорлары мен кафедра меңгерушілері және де түрлі салалар бойынша құрылым басшылары 16 мың студенті, 9 факультеті, 300 оқытушы-профессоры бар Сеул Кибер университетімен танысты.

Университет басшылығы алдағы уақытта Сеул Кибер университетімен әріптестік байланысты нығайтып, бірлескен жобаларды атқару жөніндегі келісімге келді.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады