35 жерден пышақтап, көліктің жүксалғышына салған: Ақтөбеде резонанс тудырған оқиғаның мән-жайы белгілі болды

25.05.2023, 18:17
567
35 жерден пышақтап, көліктің жүксалғышына салған: Ақтөбеде резонанс тудырған оқиғаның мән-жайы белгілі болды smartnews.kz

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кісі өліміне қатысты іс қаралып жатыр. Ер адаммен сайт арқылы танысып, кейін кездескен әйел пышақ жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Оқиға биыл қыста болды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, 1976 жылы туған ақтөбелік 23 ақпан күні жұмысқа шығып, үйіне қайта оралмаған. Полиция іздеу жұмыстарынан соң 29 жастағы күдіктіні ұстады. Ол әйелді пышақтап өлтіріп, денесін екі күн бойы көлігінің жүксалғышында ұстаған. Оқиғадан соң Қылмыстық кодекстің «Кісі өлтіру» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүрді. Бүгін Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында айыптау актісі оқылды. Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, сотталушы Д. биыл 15 ақпан күні жәбірленушімен сайт арқылы танысқан. Отбасынан ажырасқанын айтқан. Ал 21 ақпаны күні сотталушы жеңіл көлікті жалға алады. Кейін жәбірленушіні күтіп алып, үйіне жеткізіп тастайды. Сол күні телефон арқылы қайта хабарласып, жыныстық қатынасқа түседі.

«23 ақпан күні сағат 19:00-де күтіп алып, тағы кездеседі. Сол кезде сотталушының анасы қоңырау шалып, жігіттің ұялы телефоны бетінде тұрған отбасы фотосы көрінеді. Екеуі сөзге келіп, жәбірленуші соңында жасырын арақатынас туралы әйеліне айтатынын жеткізген. Сотталушы осы көзден қорқып, ашуға салынады. Көліктің алдыңғы есігіндегі тартпада тұрған пышақты алып, киініп жатқан жәбірленушінің кеуде тұсына, қол-аяғына жарақат салып, қинап, тұншықтыру үшін тамағын, желкесін бірнеше рет кескілейді. Тірі кезінде 35 кесіп-тесілген дене жарақатын келтірген», - деді айыптау актісін оқыған прокурор. Жәбірленуші дене жарақаты салдарынан оқиға орнында қаза тапқан. Кейін сотталушы жәбірленушінің денесінен құтылу, қылмыстық іс-әрекетін жасыру мақсатында көліктің жүксалғышына аяқ-қолын бүктеп салып қойған. Сотта сотталушы өз кінәсін мойындады. Алайда қатыгездікпен өлтірді дегенге келіспейді.

«Сайт арқылы таныстым. Алғашында тек сол сайт арқылы сөйлесіп жүрдік. Ұялы телефон нөмірін алып, сөйлестік. Үшінші күні төсек қатынасына түсе алмай қалып, ол маған «аурусың» деді. Сол уақытта анам хабарласып қалды. Фотоны көріп, отбасыма айтамын деді. Бір рет әйелімнен ажырасқанмын. Үш балам бар. Екі балам бірінші әйелімнен. Екінші рет отбасымды жоғалтып аламын ба деп қорқып, сондай әрекетке бардым», - деді сотталушы.

Кісі өлтірген соң оны көліктің жүксалғышына салып, киімін, көлігін жуған. Алайда полиция іздеп келгенде өз еркімен оқиғаны ешкімге айтпаған.

Сот отырысында жәбірленушінің өкілі апасының облыстық әкімдікте жұмыс істегенін, еш теріс қылығы болмағанын айтты. Ол 10 млн теңге моральдық шығын талап етті.

«Анам жүре алмайды, аяғы ауырады. Анам кешірмеймін дейді. Кешірімге келген, мен көрмедім. Ол апамды алдаған. Өте қатыгездік жасаған. Сот шешімін береді деп ойлаймын. Ата Заңда ең құндысы адам өмірі деген. Ешкім адамды өлтірмеуі керек», - деді жәбірленушінің өкілі.

«Ине мен ойыншықтар таптым»: Айжұлдыз Адайбекова өзіне жасалған сиқыр қастандық туралы ашық айтты (ВИДЕО) Танымал блогер Фариза Төреәлі қайын атасына көлік сыйлап, елдің мақтауын естіді (ВИДЕО) «Бергеннен кейін тастамаймыз»: Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиін асыға күтіп жүргенін айтты Шымкентте балабақша күтушісі 3 жасар баланы ұрып-соққан (ВИДЕО) Ауғанстанның Кош-тепе су каналы құрылысы Арал теңізінің экологиялық дағдарысын ушықтыруда Семейде КамАЗ жүргізушісі велосипедшіні қағып өлтірді Ақмола тұрғынын әйелі құтқарып қалды Атышулы судьяның өлімі: Айгүл Сайлыбаеваны енесі өлтірді деген күдікке ілінді 5 жасар туған қызын суға тұншықтырып өлтірген ана өз еркімен полицияға берілді Алматыда зейнеткерлерді тақырға отырғызған тұрғын ұсталды «Көреалмаушылықтан кетті»: 17 жастағы қыз «жанкүйері» берген торттан уланып өлді Чехияда Ресейдің тапсырмасымен автобус өртеген колумбиялық азамат сотталды «1380 теңге шығынның аз бөлігін жабады»: Онлайн-той ұйымдастырғандар салық төлеуге міндетті Екі күн бұрын лауазымынан кеткен Руслан Жақсылықовтың қамауға алынғаны жалған боп шықты Қытаймен ынтымақтастықтың әлеуеті мен тәуекелі «Ешкім хабарласқан жоқ»: Шерзаттың отбасына уәде етілген баспана үшті-күйлі жоқ (ВИДЕО) Ресей «иноагент» туралы заңды күшейтті: Енді айыппұлдан кейін бірден қылмыстық іс қозғалады Шымкентте ата-анасын ажыратпақ болған қыз әкесінің қолынан зардап шекті Шерзаттың сотын онлайн 40-тан астам ел көрген Ресейлік продюсер АҚШ-та даяшы болып жүрген қазақ әншіге қолдау көрсетті (ВИДЕО)