Денсаулық сақтау министрлігінің меншігіндегі 516 млн теңгенің мүлкі Назарбаев Университетіне берілмек

26.05.2023, 13:19
765
Денсаулық сақтау министрлігінің меншігіндегі 516 млн теңгенің мүлкі Назарбаев Университетіне берілмек the-steppe.com

Денсаулық сақтау министрлігінің меншігіндегі құрылысы аяқталмаған нысандар «Назарбаев Университетінің» балансына берілмек, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Осы қаулының қосымшасына сәйкес, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің балансынан «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының меншігіне аяқталмаған құрылысқа арналған шығындар түріндегі республикалық мүлік берілсін», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында.

Құжатқа қосымша берілген түсіндірмеде жазылғандай, мүлікті оқу орнына беру бастамасы былтыр анықталған министрліктің есеп аудитіндегі олқылықтарды жою үшін ұсынылып отыр.

«Қаулы қабылдау Денсаулық сақтау министрлігінің теңгеріміндегі мүлікті «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының меншігіне беруді жүзеге асыруға және министрліктің 2022 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілігі аудитінің қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықты жоюға мүмкіндік береді», - деп түсіндірме берілген қаулыға.

Белгілі болғандай, енді «Назарбаев Университетінің» меншігіне жалпы сомасы 516 млн 911 мың 331 теңге болатын құрылысы аяқталмаған мына нысандар өтеді:

- 10 Кв электрмен жабдықтау желілері - 26 434 теңге;

- ТП-10/0Кв және КЛ 6-10 Кв құрылысы - 24 267 667 теңге;

- Электрлік монтаждау жұмыстары - 13 217 230 теңге;

- «Астана қаласында 180 төсектік Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» КеАҚ жобалау-сметалық құжаттамасы - 345 200 000 теңге;

- «Астана қаласында бір ауысымда 500 адам қабылдайтын Республикалық диагностикалық орталық» АҚ-ның жобалау-сметалық құжаттамасы - 134 200 000 теңге.

Үкімет қаулысы 9 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды