Алматы қаласы спорт басқармасының бұрынғы басшысы 4,5 жылға сотталды
Алматы қаласы Медеу ауданының №2 сотында қалалық спорт басқармасының бұрынғы басшысы Рүстем Байсейітовке үкім шығарылды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.
Медеу ауданының № 2 аудандық сотының судьясы Жомарт Мұхаметжанов спорт басқармасының бұрынғы басшысын кінәлі деп тауып, мемлекеттік қызметте, қаржы ұйымдарында қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Ол жазасын орташа қауіпсіздік қылмыстық-түзеу жүйесі мекемесінде өтейтін болады.