«Арынбаевты қоспай-ақ қойыңдар»: Медеу Арынбаев сахнадан көрінбей кетуінің себебін түсіндірді

26.05.2023, 20:38
25417
«Арынбаевты қоспай-ақ қойыңдар»: Медеу Арынбаев сахнадан көрінбей кетуінің себебін түсіндірді Stan.kz

Өнер әлемінде жүргеніне 30 жылдан асқан әнші Медеу Арынбаев El.kz ақпарат агенттігінің YouTube-тегі “Базарlike” бағдарламасында сахнадан не себепті көрінбей кеткенін ашық айтты.

“Осыдан төрт жыл бұрын басыма ота жасаттым. Оның алдында сахнада ән айтып тұрғанда ұстап қалатын, сіресіп қалатын кездер болды. Содан кейін болар, “Арынбаевты үлкен, жауапты концерттерге қоспай-ақ қойыңдар” деген шығар. Мен мұндай қара тізімде жүргелі 8-10 жылға жуықтады. Бұл тізімнің артында идеологияның тізгінін ұстайтындар тұр. Отадан кейін бір жылдан аса мен денсаулығыма байланысты таңертең, кешке дәрі іштім. Оның жүйке жүйесіне әсері болады екен. Ашушаң боласың. Бірнеше эфирлерде мінез көрсетіп қалған кезім болды. Содан кейін: “Арынбаевты қайтесіңдер? Бәлесінен аулақ” деген шығар. Олай да болуы мүмкін. Сондықтан айтатын нәрсе болса айта беремін. Ешкімнен қорықпаймын”, – дейді өнер иесі.

Бүгінде әншінің денсаулығы жақсы.

“Ашушаңдығыңыз басылды ма?” деген сауалға Медеу Арынбаев:

”Қазір жақсы. Ашушаңдық бір жылдай болды, себебі дәріні үзбей іштім. Қазір басылды, сабама түстім. Болмаса болмасын, шақырмасаңдар шақырмай-ақ қойыңдар. Жасарымды жасадым демесем де, түсіне қарап жатырмыз. Уақытымыз өтті, 60-қа таядық. Жастар өз кезегінде басып жатыр”, – деп жауап берді. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды