Бейжіңде қытай тіліндегі қазақ әндері жинағының тұсаукесері өтті

27.05.2023, 09:42
678
Бейжіңде қытай тіліндегі қазақ әндері жинағының тұсаукесері өтті inform.kz

Қытай астанасында Қазақстан Республикасы ҚХР-дағы Елшілігінің қолдауымен Абай Құнанбаев, Шәмші Қалдаяқов, Алтынбек Қоразбаев, Нұрғиса Тілендиев және басқалардың 30 белгілі музыкалық шығармасын қамтитын қытай тіліндегі танымал қазақ әндерінің алғашқы аударма жинағының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты СІМ сайтына сілтеме жасап.

Әндерді аударуды Музыка халық баспасының жәрдемімен белгілі жазушы, Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесінің бұрынғы депутаты Әкбар Мәжитұлы жүзеге асырды.

Іс-шараның қонақтары Қытайдың мемлекеттік органдары, академиялық және шығармашылық зиялылары, қазақ диаспорасының өкілдері, сондай-ақ қытайлық және қазақстандық БАҚ журналистері болды.

Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев өзінің сөз сөйлеуінде музыка мен әндер арқылы халықтар арасында мәдениет пен әдет-ғұрыпты тереңірек қабылдау орын алатынын ерекше атап өтті. Осыған орай, ол бұл жинақ Қазақстан мен Қытай арасындағы достық пен тату көршіліктің іргетасына тағы бір жарқын үлес болатынына сенім білдірді. Қазақстандық дипломат өз сөзінде биылғы жылы Қытайда мәдени іс-шараларды ұйымдастыру жоспарларымен де бөлісті.

Әкбар Мәжитұлы (1954 жылы туған) – қытай тілінде жазатын аз ұлттары өкілдерінен тұратын ҚХР-дың көрнекті жазушыларының бірі. 1982 жылы бастап Қытай жазушылар одағының мүшесі, ҚХР Халықтық саяси консультативтік кеңесінің депутаты болған, үш рет ҚХР Мемлекеттік сыйлығының иегері, II дәрежелі «Достық» орденінің кавалері, оннан астам кітаптың, оның ішінде Абай шығармалары аудармаларының авторы болып табылады.

Әкбар Мәжитұлының аудармалары мен шығармашылық ізденістерінің арқасында бүгінгі таңда қытайлық оқырмандар қазақ әдебиетінің көрнекті классиктері мен танымал композиторлардың шығармаларымен таныса алады.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды