Бірнеше рет жалған ақпарат таратқан блогерлерге ₸759 мыңға дейін айыппұл салынбақ – заң жобасы

27.05.2023, 19:09
920
Бірнеше рет жалған ақпарат таратқан блогерлерге ₸759 мыңға дейін айыппұл салынбақ – заң жобасы smartnews.kz

Жалған ақпаратты орналастырған немесе таратқан блогерлерге 138-345 мың теңге аралығында айыппұл салынуы мүмкін. Бұл туралы Мәжілістің қарауына түскен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында жазылған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Депутаттар талқылауына түскен құжатқа сай, енді Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне жаңа 456-2-бабы (Жалған ақпаратты орналастыру, тарату) енгізілмек.

«Жалған ақпаратты БАҚ-та, ақпарат иеленушінің интернет-ресурсында, ашық деректердің интернет-порталында немесе ҚР заңнамасында көзделген өзге де тәсілдермен орналастыру, тарату – лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – 30 (103 500 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 (172 500 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 (345 000 теңге) АЕК айыппұл салуға алып келеді. Бір жыл ішінде осындай әрекетті қайталап жасағаны үшін лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 50, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 100, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 200 (690 000 теңге) АЕК мөлшерінде айыппұл салынады», делінген өзгеріс енгізілгелі отырған заң жобасында.

Сонымен қатар, жалған ақпаратты онлайн-платформаларда тартқан адамдарға да жауапкершілік енгізіліп отыр. Атап айтқанда, жеке тұлғаларға – 20 (69 000 теңге), шағын бизнеске – 30, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 50, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК айыппұл салынбақ.

«Мұнымен қатар, жалған ақпаратты таратқан инфлюенсерлер (блогерлер) үшін – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 40 (138 000 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 80 (276 000 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер үшін – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 60 (207 000 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 120 (414 000 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 220 (759 000 теңге) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады», - деп жазылған құжатта.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)