Петропавлдық ұстаз Қазақстан тарихы бойынша мобильді қосымша жасап шығарды

29.05.2023, 12:26
727
Петропавлдық ұстаз Қазақстан тарихы бойынша мобильді қосымша жасап шығарды smartnews.kz

Петропавл қаласындағы №1 IT-лицейдің педагог-шебері Сергей Никулин «Дүниежүзі тарихы» және «Қазақстан тарихы» пәндері бойынша БЖБ, ТЖБ мен емтихандарға дайындалу үшін «Қазақстан тарихы бойынша тесттер» атты мобильді қосымша ойлап тапты.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, қосымшада тарих туралы білімді ойын түрінде бекітуге көмектесетін интерактивті тапсырмалар мен тесттер бар. Қазақстан тарихы бойынша тестілеу қосымшасында 130 тақырыпқа қатысты 4 726 сұрақ енгізілген.

«Менің оқушыларымның бірі тарих пәнінен қызығушылығы төмен болды. Есесіне информатиканы жақсы көретін. Бірде оған осы екі бағытты біріктіріп, смартфонға арналған қосымша ойлап табайық. Ол күрделі тақырыптарды оңай есте сақтап, өз біліміңді тексеру үшін көмекші құрал болуы керек деген едім. Жоба жүзеге асты, қазір бұл идея мыңдаған оқушы мен мұғалімнің көңілінен шығып жатыр», - дейді Сергей Никулин.

Сергей Никулин «Қазақстан тарихы бойынша 4000 жауап», «Қазақстан тарихының қысқаша курсы», «Қазақстан тарихының мектеп курсы», «Қазақстан тарихы бойынша мектеп курсы» сияқты ҰБТ-ға дайындық бойынша әдістемелік құралдардың авторы. Ол өңірге «Закрома историка» интернет-ресурсы және «Тарихшы Никулин» атты жеке сайтымен танымал. Педагог Өрлеу біліктілікті арттыру орталығында өзінің сабақ беру тәжірибесімен бөлісіп, облыс педагогтері үшін шеберлік сыныптарын ұйымдастырады.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады