Президент қағаз өнімдерін шығаратын фабрикаға барды

29.05.2023, 16:27
602
Президент қағаз өнімдерін шығаратын фабрикаға барды Aqorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында «РимҚазАгро» қағаз өнімдерін шығаратын фабриканың жұмысымен танысты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында «РимҚазАгро» қағаз өнімдерін шығаратын фабриканың жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Өндіріс орнын аралап көрген Қасым-Жомарт Тоқаевқа фабрика жұмысының алғашқы нәтижесі туралы баяндалды. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жобаны субсидиялауға қаржы бөлінген. Қағаз өнімдері фабрикасы – көпсалалы «Радуга» компаниясына қарасты кәсіпорындардың бірі ғана. Қазіргі кезде өңір халқын жыл он екі ай көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін жылыжай құрылысы жүріп жатыр.

Президент елімізде «қарапайым заттар экономикасын» дамытуға және халық тұтынатын тауарлар түрлерін кеңейтуге ерекше мән берілетінін атап өтіп, кәсіпорын басшылығына сәттілік тіледі.

Айта кетсек, «РимҚазАгро» кәсіпорнында шамамен 1,7 мың адам жұмыс істейді. Кәсіпорын 37,7 гектар аумақта халық тұтынатын өнім өндірумен айналысады. Былтыр жалпы сомасы 7,6 миллиард теңге болатын 3,8 мың тонна өнім өндірген. Өнім түрі 730-дан астам, олар Қазақстанның барлық өңірінде сатылады және Ресейге экспортталады.

Мемлекеттің қолдауымен 2018 жылы тұрақтандыру қорының өнімдері сақталатын көкөніс қоймасы бар көтерме-тарату орталығы салынды. Қуаты жылына 5 мың тонна қағаз өнімдерін шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды. Инвестиция көлемі 2,5 миллиард теңгеден асты. Зауытта 80 адам жұмыс істейді. Картон өндіретін зауыт салу жоспарланып отыр. Инвестиция көлемі - 7 миллиард теңге, өндіріс қуаты - жылына 10 мың тонна. 100 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылмақ.

photo

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады