Корея сыртқы істер министрі Қазақстанға ресми сапармен келеді

29.05.2023, 18:31
689
Корея сыртқы істер министрі Қазақстанға ресми сапармен келеді smartnews.kz

Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Пак Чжин Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«30 мамыр мен 1 маусым аралығында Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Пак Чжиннің Қазақстан Республикасына ресми сапары өтеді. Сапар барысында Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен екіжақты келіссөздері жоспарланған», - деді ресми өкіл ведомствода өткен апталық брифингте.

Айбек Смадияровтың атап өтуінше, тараптар кеңейтілген стратегиялық әріптестіктің, оның ішінде саяси, экономикалық және мәдени өзара іс-қимыл салаларындағы Қазақстан-Оңтүстік Корея қатынастарының ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын талқылайды.

«Халықаралық ұйымдар мен форумдар аясында екі елдің ынтымақтастығы бойынша пікір алмасу жоспарланып отыр. Сапар аясында корей министрінің мемлекет басшылығымен кездесуі жоспарланған», - деді ол.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды