Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының мәліметінше, сот М-нің бұрын Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 449-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылғанын анықтады.
М. 2023 жылдың 21 мамырында Алматы халықаралық әуежай аумағында қоғамдық тәртіпті бұза отырып, Үндістан азаматы V-ға тасымалдау қызметін көрсету мақсатында оның мазасын алған.
Сот отырысында М. кінәсін мойындап, өкінетінін айтты.
«Сот М-ны кінәлі деп танып, оған 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындады»,- деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
21 мамыр күні такси жүргізушісі Алматы халықаралық әуежайынан Үнді елінен келген туристерді қонақ үйге дейін 800 долларға жеткізген.
Осындай алаяқтық жолмен ол мамырдың басында Германиядан келген туристен 400 еуро иемденген еді.