«TikTok» желісінде ұйымдастырылып жатқан құмар ойындар - заңсыз

30.05.2023, 11:32
429
«TikTok» желісінде ұйымдастырылып жатқан құмар ойындар - заңсыз smartnews.kz

«TikTok» желісінде құмар ойындар таратылуда. Бұл әрекеттер заңға қайшы, деп хабарлайды smartnews.kz сайты ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, негізінен бұл карта ойыны, сүйек лақтыру және онлайн рулетка. Барлық жерде принцип бірдей. Бәс тігуге шақырады. Оның төрттен бірі ұйымдастырушыда қалады, қалғанын жеңімпаз алады. Бәс тігулерді қабылдау және ұтыстарды беру банктік онлайн аударымдар арқылы жүзеге асырылады.

«Желілік талдау нәтижесінде біз онлайн ойынды тарататын 100-ден астам аккаунт анықтадық. Осы жерде ұйымдастырушылар мен қатысушыларға бұл әрекеттің заңсыз екенін ескертеміз. ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Қазірдің өзінде сотталғандар бар.

Мәселен, «TikTok» желісінде құмар ойын ұйымдастырған Алматы қаласының 2 тұрғыны 4 айда 13 млн теңгеге жуық табыс тапқан. Тергеу қорытындысы бойынша олардың 1,5 жылға бас бостандығы шектелді.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта сот «TikTok» желісінде ұқсас мазмұндағы контент үшін 4 ұйымдастырушыға қатысты іс қаралуда.

Құрметті азаматтар, осындай құмар ойындарға араласпауларыңызды сұраймыз. Бұл заңға қайшы. Сондай-ақ, ата-аналардан балаңыздың мінез-құлқына, оның көретін контентіне және оның онлайн саудасына назар аударуын сұраймыз»,-делінген хабарламада.

«95 ән шығардым»: Мұрат Әбділдә түрмеде немен айналысқанын айтты Жеңіл көлікпен сиыр тасыған семейлікке айыппұл салынды Жетісу облысында 12 күн бұрын жоғалып кеткен 3 жасар бала өлі табылды Қазақстанға екі аптада 600 мыңға жуық турист келген 5 адамның өмірін қиған жатақханадағы өрт бойынша үкім өзгеріссіз қалды Алдағы күндері жел күшейіп, үсік жүреді «Бірнеше әйел бір еркекке тигісі келсе неге тоқтатамыз?!»: Мұхтар Мағауин көп әйел алуға байланысты ойын айтты Ақтөбеде мұғалім оқушысына сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған «Осыншалықты екіжүзді болар ма едің»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс әйелі желіде жазба жариялады "Енем маған айтпай, күйеуімді үйлендіріп жіберді": Меруерт Түсіпбаева тұрмыста болған жылдарын есіне алды «Бәрі міндетті түрде беруі керек»: Талдықорғанда оқушылар «Мұғалімдер күніне» жаппай ақша жинағаны үшін шу шықты «Ит пен мысық болып жүретіндер – әртістер»: Жеңіс Ысқақова әріптесі Ақбота Керімбековаға қолдау білдірді «Хәл үстінде жатқан адамның атын пайдаланды»: Тамара Асар беймезгіл уақытта мазалайтын оқырмандарына ескерту жасады «Бала-шаға мен ата-ененің жағдайын жасайды»: Мөлдір Әуелбекова ерлер қауымына үндеу жасады «Киімімді шешті»: Жетісу облысында әкім көпбалалы әйелдің үйіне терезеден кіріп, тиіспек болған (ВИДЕО) «Қайраттың да биоматериалы сақталған»: Ләйлә Сұлтанқызы ЭКҰ арқылы балалы болғысы келетінін жасырмады «Баласын құтқарамын деп әкесі мен көршісі түскен»: Алматы облысында кәріз құдығында көз жұмған үш адамның өліміне қатысты жаңа деректер айтылды «Жаназасын үйімнен шығарғым келді»: Индира Елемес марқұм Арман Дүйсеновті есіне алды «Жалғыз ұрпағын көп көрмейміз, естімейміз»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм Батырхан Шүкеновтің анасының арманын айтты «Бас сүйегі миына қарай кіріп кеткен»: Шымкентте қаза тапқан такси жүргізушісінің туыстары әділ тергеуді талап етті